Жәдігер


Кісе (ер)

Қара былғары ерлер белбеуі. Белбеу жіңішке ұзын 15 темір жапсырмалармен безендірілген. Белбеуге жұқа бауға ілінген екі бөліктен тұратын өзара байланысқан 6 бұрышты, ромб тәрізді, оққа арналған сөмкеге ұқсас ілгіш бекітілген. Ілгіш пластинамен, үш бұрышты жапсырмалармен безендірілген. Белдіктің оң жақ шеті екі бауға ілінген, пластинамен безендіріліп, қызыл тас жапсырылған қақпағы бар кісе-әмиян бекітілген. Оң жақ шетінде ілмек ілгегі бар тақтайшамен (пластина) бекітілген. Тақтайша сары түсті, мүйіз тәрізді өрнек композициясымен безендірілген. Кісе-әмиян жұптасқан жапырақтар мен үшбұрыш түріндегі қосымша 12 кішірек тақтайшамен (пластина) безендірілген. Осындай тақтайшамен әмиянның баулары да безендірілген (2 дана).

Мерзімі: XIX ғ. аяғы.

Материалы: былғары, темір.

Өлшемі: 143*35 см.

Соңғы қосылған жәдігерлер