Жәдігер


Қапсырма мен сырғалар жиынтығы.

«Қапсырма» бір-бірімен бекітілген 4 бөліктен тұрады. Жоғарғы жағы дөңгелек, ортасында тас орналасқан, шеттерінде дөңгелек пішінді пластина. Ортаңғы бөлігі 2 дөңгелек пластинадан тұрады, ортасында қызғылт сары тас орналасқан. Төменгі бөлігі тамшы тәрізді, ортасында қызғылт сары тас орнатылған, шеттерінде жиектер бар.

«Сырға» бір-бірімен бекітілген 6 бөліктен тұрады. Жоғарғы жағы тамшы түрінде дөңес өрнектері бар дөңгелек пішінді. Ортаңғы бөлігі дөңгелек пішінді, ортасында жартылай бағалы «аметист» тасы орналасқан, шеттерінде көгілдір түсті 3 дана ұсақ тастармен көмкерілген. Төменгі бөлігі жапырақшалар түрінде ортаңғы бөлігімен жіңішке шынжыр арқылы жалғасады, ортасы дөңес, тастар жапсырылған.

 

Сары, сұр түсті темір (күміс, алтын), аметист, бирюза, яшма.

XIX ғ. екінші жартысы.

Соңғы қосылған жәдігерлер