I – екі негізгі бөліктен және кулон түрінде үш теңгеден (монетадан) тұрады. Бөлшектер мен теңгелер жылжымалы түрде ілмектер және сақиналармен өзара байланысты. Жоғарғы бөлігі дөңгелек пішіндес, төменгі бөлігі сопақша. Төменгі бөліктің ортасында тас орналасқан, күміс теңгелермен өзара байланысқан. Астыңғы жағына күміс теңге ілінген.
II – үш негізгі бөліктен және 6 ромб тәріздес ілгектен тұрады. Бөлшектер ілмектер мен сақиналар арқылы жылжымалы түрде өзара байланысқан. Жоғарғы бөлігі сопақша пішіндес, ортасында тас орналасқан. Ортаңғы бөлігі дөңгелек пішіндес, ортасында қытай иероглифы мен гүл шоқтары түрінде сурет, екі жағынан ромб тәріздес ілгек ілінген. Төменгі бөлігі үшбұрышты, ұзын шынжырмен 4 кулон бекітілген.
Темір сары, сұр түсті (күміс, алтын); көгілдір тас.
XIX ғ. соңы.