Инженерлік-технологиялық факультет


Музейдің келесі бөлімі университеттің көп жылғы тарихы бар ең ірі факультеттерінің бірі ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТКЕ арналған. 1995 жылы университет ұйымдастырылғанда, қосылған үш институттың бірі болып кезінде белгілі Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты кірген. Сондықтан факультет осы институттан бастау алады. Музей экспозициясы технологиялық институттың күрделі тарихының кезендерін көрсетеді:

  • 1962 жылы Семей қаласында Қазақ химиялық-технологиялық институтының (Шымкент) жалпы техникалық факультетін құру туралы шешім қабылданды, Жамбыл қаласында осы институттың филиалы орналасты. Техникалық факультетте үш мамандық бойынша: сүт және сүт өнімдерінің технологиясы, ет және ет өнімдерінің технологиясы, тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары мамандықтарына күндізгі және кешкі бөлімдерге қабылдау жүргізді.
  • 1963 жылы механикалық және технологиялық екі факультет құрылды. Факультетте бірнеше кафедралар ашылды: жалпы ғылымдар кафедрасы, жалпы инженерлік пәндер кафедрасы, химия кафедрасы, физика және электроника кафедрасы, дене шынықтыру кафедрасы. 
  • 1964 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химиялық-технологиялық институтының Жамбыл филиалы жеке Жеңіл және тамақ өндірісінің технологиялық институты болып, ал Семейдегі жалпы техникалық факультеті Жамбыл технологиялық институтының филиалы болып өзгерді.
  • 1980 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты болып құрылды. Институтта 4 факультет ашылды: механикалық факультет, технологиялық факультет, кешкі және сырттай факультеттері. 
  • 1989 жылы институтта қазақ факультеті ашылды.
  • 1993 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтының технологиялық факультеті Қолданбалы биотехнология факультеті болып ауыстырылды. 

            «Семей» мемлекеттік университетінің құрамына кіргеннен кейін, 1999 жылы механикалық және қолданбалы биотехнология факультеттері біріктіріліп, қазіргі таңда университеттің ең ірі факультеттерінің бірі Инженерлік-технологиялық факультеті құрылды. 

            Музей стендтерінде факультеттің негізін қалаушылар ретінде институттың ректорлары, факультеттерді әр жылдары басқарған декандары, білім беруде еңбек еткен ұстаздары мен ғалымдары туралы деректер қойылған. Экспозицияның ақырғы бөлімінде инженерлік-технологиялық факультеттің халықаралық байланыстарын көрсететін әлем картасы орын алған. Витриналарда: техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Ж. Сүлейменовтің, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.С.Құрманбаевтың жеке мұрағаттарынан материалдар көрермендер назарына ұсынылған.  Сонымен бірге, факультеттің зертханасында кезінде пайданалынған құралдар да орын алған: амперметр, цифрлық прибордың индикациялық блогы, электронды-сәулелі құрылғы, лампа-генератор, ток реттеуші трансформатор.   

            Қазіргі кезде факультетте 5 кафедра жұмыс істейді:

  • Технологиялық жабдықтау және машина жасау кафедрасы;
  • Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы; 
  • Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы;
  • Химиялық технология және экология кафедрасы;
  • Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы.

            Факультет барлық қажетті материалдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжірибесі және халықаралық байланыстары бар көпсаласы оқу орны болып келеді.