Гуманитарлық-экономикалық факультет


Семей мемлекеттік университетінің іргелі құрылымдық бөлімдерінің бірі, қазіргі заманғы талаптар мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес педагог кадрларын және экономика саласын көтеруге ат салысатын жоғары білікті мамандар даярлайтын факультет – Гуманитарлық-экономикалық факультет. 

            Факультет тарихынан: экономикалық мамандарды дайындау 01.10.1997 жылғы университеттің №107 бұйрығымен құрылған экономикалық факультетте жүзеге асырылды. Бұл факультет Семей ет және сүт өнеркәсібінің технология институтының негізінен бастау алады. Сол кездегі технология институтының экономикалық факультетінде үш кафедра болған: «Экономика және менеджмент», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономикалық теория». Осы факультеттің тәжірбиесі мен 2000 жылы университетке қосылған «Мемлекеттік Қаржы институтының» тәжірбиесі факультеттің дамуына үлесін қосты. 

            Музей экспозициясында 1995-2000 жылдар аралығындағы Қаржы институтының атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы материалдар жинастырылған. Қаржы институтын құру сол кезде өте қажет болды. Егемендік алған республикамызға қаржы жүйесіне жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін уақыт талабына сай жоғары оқу орны ашылды. Институт қаржылық басқару, қазына, қаржы-валюталық бақылау комитетіне, салық инспекциясына, салық полициясына қажетті мамандарды дайындауды жүзеге асырды. Қаржы институтында оқыту 2 факультет базасында жүзеге асырылды: қаржы-несие және есеп-экономикалық. Мамандықтарды дайындау екі тілде жүргізілді. Институт және академиялық топтардың өміріндегі жетістіктері мен мәселелері ақпарат құралдарында, қабырға газеттерінде, сонымен қатар көп тиражды «Қаржы» газетінде жарық көріп отырды.

            Музей стендтерде факультеттің негізін қалаушылар ретінде институттың ректорлары, факультеттерді әр жылдары басқарған декандары, білім беруде еңбек еткен ұстаздары мен ғалымдары туралы деректер қойылған. Витриналарда педагог-оқытушыларының қаржы, экономика саласындағы ғылыми еңбектері мен оқулықтары жинастырылған. Сонымен бірге ҚР валютасы – әр түрлі номиналдық теңгелер, Кеңес үкіметінің ақшалары – рубльдер, басқа елдер валюталарының түрлері мен тиын ақшалар орналасқан. Және Мемлекеттік Қаржы институтының органы «Қаржы» газетасының 1996-2000 жылдардағы сандарымен танысуға болады. 

            Кейін Қаржы-экономикалық факультетке Гуманитарлық факультет қосылып Гуманитарлық-экономикалық факультет болып өзгерді. Университет ұйымдастырылған кезде жеке Гуманитарлық факультет Семей мемлекеттік педагогикалық институттың мамандықтарының негізінде құрылды. Қазіргі факультеттің миссиясы: мемлекеттік тілде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін, білімдерін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қолдана алатын, білім берудің барлық деңгейлерінің ережелерін оңай басшылыққа алатын, нормативтік-құқықтық актілерінде оңай бағдарланатын, инновациялық техникаларды қолдана алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

          Факультетте 4 кафедра жұмыс істейді:

  1. Экономика және қаржы кафедрасы.
  2. Психология және педагогика кафедрасы.
  3. Тарих және құқық кафедрасы.
  4. Өнер және музыка кафедрасы.

Факультет түлектері Қазақстан білімі мен ғылымының, мәдениеті мен баспасөзінің, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының белгілі мамандары болып еңбек етуде.